Ақ шашты қарайтуға арналған 100% маска / Шашты қалпына келтіру / Шаш күтімі

1 Просмотры
Издатель
Ақ шашты қарайтуға арналған 100% маска / Шашты қалпына келтіру / Шаш күтімі
Өзім жасап жүрген 100% нәтиже беретін маска!

I-БӨЛІМ Кіріспе
Ағарған шашқа қолданылатын рецепт ингредиенті яғни қоспасы тұрады;
1. көк шәй (жапырақты)
2. лавровый лист (кәдімгі тамаққа салатын лавр жапырағы)
3. NESCAFE классик гранулированный кофесі (тек осы түрі болуы керек)
4. зәйтүн майы (бұл оливковый масло холодного отжима не рафинированный деп аталатын түрі яғни суық сығылған жолмен алынған тазартылмаған зәйтүн майы. Бұл май түрін 30 градустан жоғары қыздыруға болмайды және мұздатқышта сақтап, ашылған соң ұзағымен бір ай шамасында ғана пайдаланады).

II-БӨЛІМ
Баршаңызға сәлем!
Менің каналыма қош келдіңіз! Мен бұл каналымда түрлі ақпарат, мәліметтермен қоса өз тәжірибеммен де бөлісемін. Бүгінгі видео пайда болған ақ шаштан қалай құтылу керек немесе ағарған шашты қалай қарайту керек маскасы жайлы, шашты қалпына келтіру мен шаш күтімі. Сонымен қатар ағарған қас та жайлы. Сізге видео ұнаса лайк басып, комментарий қалдырып каналды қолдаңыз. Ал жаңа видеолардан бірінші хабардар болу үшін арнаға жазылып, қоңыраушаны басып қойыңыз. Видео пайдалы деп тапсаңыз достарыңызбен, туған-туысқандарыңызбен тағы басқалармен бөлісіңіз!
Негізі адамның жасы келген сайын шашы, қасы ағарып бастайды. Себебі адам жасы өте келе табиғатынан берілген өз ресурсын дейміз тауыса бастайды. Сонымен қоса адами факторға әсер ететін ішкі және сыртқы әсерлер бар. Мысалы дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын ұстанбау, лас экология тағы басқалар. Сондықтан ағзамызға түрлі жолдармен көмектесіп, қолдап отыруымыз керек. Мысалы бірінші сен не жесең солсың дегендей дұрыс тамақтану жолдарын білуіміз керек. Ең пайдалы дұрыс тамақтану түрі ол адам ағзасына ұзақ та сау өмір сүру үшін «жерорта теңізі диетасы» болып табылады. Дұрыс тамақтану арқылы ағзамызды пайдалы витаминдер мен минералдармен қолдап отырамыз. Сонымен қатар жаттығулар, көп қимылдау, таза ауда серуендеу, күніне еңбек жұмысымен айналысу, таза су ішу тағы басқа жолдармен көмектесе аламыз. Алдағы уақыттарда денсаулық, ұзақ өмір сүру құпиялары, жасару тағы басқа тақырыптарда бөлек видеоларда толығырақ айтатын боламын. Ал бүгінгі жасайтын рецепті мен осы ютубтағы бір каналдан көріп жасап жүрмін. Оригинал видео сілтемесін осы видео сипаттамасында қалдырамын. Өзім осы рецепт бойынша бес рет жасадым және нәтижесі өте жақсы. Шашым қалыңдап, қайратты бола түсті. Басым ауырып қан қысымым бірден түсіп кететін, қойды. Бір жасағаннан әрине нәтиже бола қоймасы анық. Белгілі бір мерзім аралығында нәтиже көрінеді. Әркім де ол әрқалай. Жалпы шашты қарайтудың жолдары көп. Қосымша, осы тақырыптағы видеоларды басқа да ютуб арналардан тапсаңыз болады (Виталий Островский мен Фролов сайттары). Ол жерде де бір ауыздан шашты қалпына келтіріп, қарайтуға болады дейді.

III -БӨЛІМ
Жасалуы; масканы қалай дайындаймыз?
Ыдысқа 2 ас қасық жапырақты көк шәй саламыз. 4 лавр жапырағын. 150 мл су құйамыз. Бетін жауып қайнатамыз. Қайнап шыққан соң тағы да өте жәй отта 10 минут қайнатамыз. Қайнаған шәйді суытып, сүземіз. Маскаға қолданатын енді нескафемізді саламыз 1 ас қасық. Араластырамыз. Соңғы 1 ас қасық зәйтүн майын қосамыз (оливковый май). Зәйтүн майының орнына кокос майын қоссаңыз да болады. Жақсылап араластырамыз. Міне, шаш пен қасқа өте пайдалы, емдік маскамыз дайын болды. Көріп тұрғандарыңыздай маска рецепті қиын емес және көп қаражат қажет етпейді.

IV-БӨЛІМ
Қолданылуы;
Масканы таза басқа, шаш түбіне массаж жасай отырып жағамыз. Сіңдіреміз. Шашымызға шапочка киеміз ваннаға арналған. 30-минут ұстаймыз. Сонсоң шампунмен жуып тастаймыз. Тоник қолданғыңыз келсе шашқа арналған лавр жапырағынан жасалған тоникпен шайсаңыз болады. Бұндай тоникті оригинал видео каналында бар. Көрсеңіз болады. Ол каналға да жазылып алсаңыз көптеген пайдалы видеолары бар. Жалпы бұл масканы аптасына 2 рет, әр 3 күн сайын жасау керек. Қара шаш түбінен өсіп шығады. Себебі біз бұл маска арқылы шаш түбін пайдалы витаминдер мен минералдар мен қоректендіреміз. Тек шашқа ғана емес ағарған қасқа да арнайы кистпен немесе қолмен жақса да болады.
Бүгінгі видео осымен аяқталды. Соңына дейін көргендеріңіз үшін рахмет!

Сіз іздеген тақырып; ақ шашты қарайтуға арналған маска / шашты қалпына келтіру / шаш күтімі, 100% нәтиже беретін маска, пайдалы кеңестер, ағарған шашты қалай кетіруге болады, ағарған шашты емдеу, ағарған шашқа қолданылатын рецепт, ағарған шашқа маска, ағарған шашқа маска түрлері, ағарған шаштан құтылу жолдары, шашты калындату жолдары, шаш күтімі, жұқа шашты қалай қалыңдатуға болады, ақ шаштан құтылу болса видеоны соңына дейін көріңіз.

#Ақшаштықарайтуғаарналғанмаска, #Шаштықалпынакелтіру, #Шашкүтімі, #100%нәтижеберетінмаска,
Категория
Видеоуроки самбо
Комментариев нет.