ӘБІЛӘЗОВшыл Отандастарыма ҮНДЕУ! АЗАТ ардагері Серік САПАРҒАЛИ 2021 1 БӨЛІМ

1 Просмотры
Издатель
Қашқын банкир- олигарх Мұхтар Әбіләзовты қолдайтын азаматтар Елімізде баршылық.
Жалпы, адамдарды диктаторлық режиммен күреске шақыру өте дұрыс әрекет, мен оны толық қолдаймын.
Үйткені, мен өзім ондай күреске М.Әбіләзовтан бұрын, ол үш банктің қожайыны (БТА,БТА-Ипотека, Темір Банк) болып, қазақтардың ақшасын сыпырып жатқанда шақырғанмын, оған дәлел менің Ютубтегі Блогымда тұр (Serik Sapargali), қараңыз.
Сол кезде ОНЖ (Халыққа баспана қалдырайық) Қозғалысының ең көп акциялары осы Банктердің алдында өтетін. Мен ОНЖ-да Басқарма мүшесі болдым, жақсы білемін.
Бірақ, қазір мені алаңдататын жайт - ДВК -Көше партиясы күресінің халықтан көрі, билікке пайдалы болып отырғаны.
Үйткені, БЕЙБІТ ҚАРСЫЛЫҚтардан ЕШ НӘТИЖЕ ЖОҚ, бірақ, билікке ол ӨТЕ ПАЙДАЛЫ БОЛДЫ - Алаңдар мен көшеде белсенділігімен көрінген азаматтар КҮНДЕ сотталыып жатыр!
Тіпті, Назарбаев Президент тағында отырғанда да мұндай ЖАППАЙ СОТТАУ болмаған!
Түріне қарасаң ЖҰМСАҚ, ЫНЖЫҚ Тоқаевтың кезінде режимнің халыққа тиген зардабы Назарбаевтың кезінен көп есе асып кетті, міне, МАСҚАРА!
Осындай жағдайда мен ҮШ бөлімнен тұратын видеолар істеуді қолға алдым.
1 БӨЛІМ. Мұхтар Әбілізов Қазақ халқына КӨСЕМ болуға сай тұлға ма?
2 БӨЛІМ. М.Әбіләзовтың алға қойған мақсаттары Қазақ халқының ҰЛТТЫҚ МҮДДЕСІНЕ сай ма?
3 БӨЛІМ. М.Әбіләзовтың күрес тактикасы мен стратегиясы ол уәде еткен БИЛІКТІ ӨЗГЕРТУ нәтижесіне жеткізе ала ма?
Қазақ халқының БАҚЫТЫ мен БОЛАШАҒЫ үшін шын ниетпен күреске шыққан азаматтар өздерін ШЫНАЙЫ ДЕМОКРАТПЫЗ -десе, 1991 жылдан АЗАТТЫҚ пен ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІ үшін күрескен АЗАТ пен РЕСПУБЛИКАЛЫҚ партияның 1993-1994 жылдары Ақтөбе облыстық ұйымдарын басқарған Ардагер ағаларының ақыл-кеңесін дұрыс қабылдау керек -деп есептеймін.
Болшақта, бірінші кезекте, ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛ-ДЕМОКРАТТАРЫНЫҢ күшімен диктаторлық режимнің толық жойылатынына кәміл сенімдімін!
Категория
Видеоуроки самбо
Комментариев нет.